jasqazaq.kz

Биыл ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге жиналды

28 қараша 2023, 11:22

Қазақстанның 3200 шақырым жолында ақылы жүйе жұмыс істейді. Отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді.

Министр жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет болатынын айтты.

«Осы орайда республикалық бюджетке салмақты азайту мақсатында ақылы жолдар көлемін кезең-кезеңімен енгізудеміз. Қазіргі таңда 3 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті», — деді Марат Қарабаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, келесі жылы қосымша 1 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарланып отыр.

«Жалпы 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдар көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі. Бұл ретте Қазақстандағы ақылы жол тарифтері жақын және алыс шет елдермен салыстырғанда ең төмен екенін айта кеткен жөн», — дейді Марат Қарабаев.

Соңғы уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін жол ақысын қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ақылы жүйе бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескеріп, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген», — деді М.Қарабаев.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?