Бішкекте танысының телефонын үйінен жымқырған қарақшыны туған қызы милицияға ұстап берген.
Мамырдың 18-і күні Батыс автовокзал аумағының қоғамдық тәртібін ретке келтіретін патрульді милицияға М.Э есімді 1979 жылғы бішкектік тұрғын шағым жасайды. Оның айтуынша, 18 мамыр күні сағат 14.30 шамасында үйіне аса жақын араласпайтын танысы Руслан келеді.
Шағымданушының шәй қоюға кеткенін көрген Руслан үстел үстінде жатқан Samsung Galaxy ұялы телефонын алып алады.
Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, патрульді милиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтаған, ол Варшавск көшесінің 1974 жылғы тұрғыны Ж.Р болып шығады.
Тергеу кезінде ол ешқандай телефонды алмағанын айтады.
Осы кезде үйден күдіктінің 5 жастағы қызы қолына әкесіне әкеле жатқан телефонын көтеріп шығады.
Аталған оқиға бойынша керек құжаттар толтырылып, Первомайск АІІБ-де тіркелген.
Күдікті Ж. Р. Бішкектегі ІІБ уақытша қамау изоляторында.