jasqazaq.kz

Бишімбаевтың адвокаты судьямен дауласып қалды

15 сәуiр 2024, 14:51

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы тараптардың дау-дамайына ұласты. Осы ретте судья Айжан Құлбаева сот процесін уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

— Мен сіздің әрекеттеріңізге тағы да қарсылық білдіруге мәжбүрмін. Сіз сотталушының сөйлеуіне, сұрақ қоюына мүмкіндік бермейсіз. Бұл біржақты процесс сияқты. Сот емес, сотсымаққа айналып барады. Барлығы Бишімбаевқа қарсы, — деді Ерлан Ғазымжанов сотта.

Судья адвокаттың сот отырысы барысында бірнеше рет ескерту алып, сотқа құрметсіздік танытуына байланысты жеке сот қаулысы шығарылатынын мәлімдеді.

Судья Айжан Құлбаева кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін төмендегідей мәлімдеме жасады.

«Аталған қылмыстық іс бойынша кәсіби міндеттерін атқару кезінде адвокат Ғазымжановқа қатысты жеке қаулы шығарылды. Қаулы Астана қаласы адвокаттар алқасының төралқасына жолдансын. Республикалық адвокаттар алқасы қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы бір ай мерзімнен кешіктірмей жеке шешім шығарған сотқа хабарласын», — деді судья.

Сондай-ақ, судья алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау үшін процеске қатысушылар қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын мүлтіксіз орындауға, эмоцияларын реттеуге және төрағалық етушінің бұйрығына бағынуға тиіс екенін жеткізді.

inform.kz

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?