jasqazaq.kz

Бишімбаев сенген балгер Шымкентте тұрады

08 сәуiр 2024, 16:04

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бұл жолы оған неліктен балгерге сенетіні туралы сұрақ қойылды.
Еске түсірсек, алдыңғы сот отырысында Бішімбаев Салтанат Нүкенова ұйықтап жатқанда балгерге телефон соққанын айтқан.
«Менің таныс балгерім бар еді. Мен Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші дедім. Балгер маған «ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «біз үшін бірдеңе оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім», — деген еді Бишімбаев.

Бүгін адвокат Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап бергенін Бишімбаев бұл балгер Шымкентте тұратынын айтты.

«Балгер Шымкент қаласында тұрады. 1-1,5 жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, сұрайтынмын. Менің ойымша, оның айтқаны келетін. Сондықтан, Салтанаттың басындағы көгерген жері үлкейген соң телефон соқтым», — деді Бишімбаев.

Адвокаттың «әйеліңізге жедел жәрдем емес, Шымкенттегі балгер көмектеседі деп ойладыңыз ба?» деген сұрағына ол «мен балгерге сенетінмін», — деп жауап берді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?