jasqazaq.kz

Бишімбаев: Мен әділ шешімге лайық қарапайым адаммын

06 мамыр 2024, 12:42

Бүгін Астананың ауданаралық сотында Бишімбаев соңғы сөзін оқыды. Бишімбаев әйелін «аса қатігездікпен өлтірді» деген айыпты мойындамады.

«Құрметті сот, құрметті алқабилер, қатысушылар, міне, менің соңғы сөзімді айтар уақытым жетті. Сіздерге адам өмірі мен тағдырын шешетін ауыр жауапкершілік жүктелді. Соттың алқабилермен өтуін мен өзім өтінген едім. Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ. Елімізде бұл істі білмейтін адам қалған жоқ. Әлеуметтік желілерде пиар компаниялар, мені жеккөрінішті етіп көрсету, істі бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау науқаны жүргеніне қарап кез-келген алқабидің маған қарсы екенінен қауіптенемін. Соған қарамастан мен және менің қорғаушыларым ашық алқабилер сотына жүгіндік. Менде тек бір мақсат болды. Ең құрығанда 10 адамға сол қайғылы түн туралы шындықты дәлелдеу, Салтанат екеуміздің қарым-қатынасмыз қандай болғаны туралы айту», — деді Бишімбаев.

«Мен кінәлімін бірақ, қасақана адам өлтірмедім. Ұсталған сәтімнен бастап тек шындықты айттым… Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Оған жауап беруге дайынмын. Мен оның денсаулығына  ауыр жарақат келтіріп, оны абайсызда өлтіріп алғаным үшін айыптымын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», — деді ол.

Бишімбаев алқабилерден әділ, объективті болуды сұрады.

«Менің бұрын кім болғаным, қандай лауазымды иеленгенім маңызды емес. Мен де әділ сот шешіміне лайық қарапайым адаммын», — деді Бишімбаев.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?