Әлеуметтік желіде қытай азаматының қалтадан кәдімгі шегені алып жеп жатқан видеосы пайда болды. Роликте ер адам қалтадан шегелерді уыстап алып, қарбыта асап жатады. Және жеп отырып қасындағылармен әңгімелесіп те отырады. Видеода ер адамның аты-жөні және роликтің қайда түсірілгені туралы ақпарат көрсетілмеген.