Ауылдағы білім ошағының жалғыз түлегін мектеп бітіруімен 13 мұғалім құттықтады. Оқушы қызға екі жыл бойы сабақ берген солар болатын. Ал шәкірт олардан артқы партаға тығылып қала алмайды. Сондықтан сабаққа күнде дайын жүріпті.
Краснояр өлкесінің (Ресей — ред.) Рудяное деген шағын ауылында тұратын Лера Горбунова тоғызыншы сыныптан кейін мектептің жалғыз оқушысына айналды. Сөйтіп, білім ошағын бір өзі бітіріп шықты.
— 10-шы сыныпта 1 қыркүйектен сабаққа жалғыз бара бастадым. Сыныптастарымның бәрі жан-жаққа тарап кетті. Біреу техникумға, біреу училищеге түсті. Басында жалғыз қалғаным біртүрлі болып көрінді. Ал бұрын он адам едік, — дейді Лера.
Лера ұстаздарымен бірге. Л.Горбунованың жеке мұрағатынан
Лера ұстаздарымен бірге. Фото Л.Горбунованың жеке мұрағатынан
Осылайша сабақта да, үзілісте де тып-тыныш ахуал орнаған. Шулайтын, бұзықтық жасайтын ешкім жоқ. Бірақ Лераның іші пысқан жоқ. Оған сабақ жеке беріледі. 15 пән мен 13 мұғалім бар. Ал 11-сыныптағы Лера 10-сыныптағылармен достасып алған.
— Онда сегіз бала болды. Жасымыз қатарлас қой. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Шағын ғана ауылымызда 600 ғана адам бар, — дейді мектеп түлегі.
Әрине, ол үшін түлектердің үлкен кеші болған жоқ. Яғни Лера мектеп бітіргенін ата-анасы және ұстаздарымен бірге қарапайым түрде атап өтті.