jasqazaq.kz

«Бір ауыл — Бір өнім» жобасының көрмесі Шонжыда өтті

12 маусым 2024, 9:44

Алматы облысының Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Бір ауыл — Бір өнім» жобасының көрмесі өтті. Бұл шарада ауданның отызға жуық кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырып, көрмеге келушілерге өз өнімдерінің сапасы мен ерекшеліктерін көрсетті.

Жобаның басты мақсаты — әр ауылдың ерекше өнімдерін нарыққа шығарып, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Көрмеде қатысушылар түрлі ауылшаруашылық өнімдерінен бастап, қолөнер бұйымдарына дейін кең ассортимент ұсынды.

Бұл шара жергілікті кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына және ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік берді.

Көрме аяқталған соң, аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудан кәсіпкерлері белсенді қатысты. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялар, гранттар және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін басқа да мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді.

Бұл шаралар жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер өз өнімдерін жетілдіру мен бизнес жүргізудің жаңа әдістерін меңгеріп, ауданның экономикалық дамуына өз үлестерін қоса алады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы облысының әкімдігі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?