jasqazaq.kz

Бір ай бұрын жоғалған алматылық бойжеткеннің анасы қызына видео арнап, елді жылатты (видео)

27 тамыз 2017, 18:36

Алматы облысында 10 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен Назерке Әріптің анасы қызына арнап жантебірентерлік видео арнады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір ай бұрын жоғалған алматылық бойжеткеннің анасы қызына видео арнап, елді жылатты (видео)

Қыздың анасының видеосы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Карлығаш Мудуарованың парақшасында пайда болған.

Видеода Назеркенің анасы көзіне жас алып, қызынан үйіне қайтуды сұраған.

«Назерке, жаным, сені жақсы көреміз және күтіп жүрміз. Үйге қайт. Егер ренжітіп қойсақ, кешірші», — деді ол. 

Сонымен бірге ол Назеркені ұрлап кетуі мүмкін кісілерден де қызын қайтарып беруді сұрады. 

«Егер кімде-кім қызымды күштеп ұстап отырса, немесе оған қамқор болып жатса, өтінемін, үйге қайтарыңдаршы. Қудаламаймыз деп уәде береміз. Бұған күмәніңіз болмасын», — деді ол.

Еске салсақ, Әріп Назерке Дарханқызы 10 шілде күні сағат 13.40-та Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта келмеген.

Биыл бойжеткен мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған.

https://www.facebook.com/camaena/videos/1982761821997194/

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті