Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос әлемдегі ең бай адам атанды. Forbes бағалауынша оның жағдайы 90,5 миллиард долларға тең. Бұл Билл Гейтстің байлығынан 500 миллионға көп.
Бейсенбі күні Amazon акцияларының көлемі 1,6 пайызға қымбаттаған. Осылайша Безостың байлығы 1,4 млрд долларға бір-ақ жетіп, Гейтсті басып озған.
2016 жылдың тамыз айында Билл Гейтс бірінші орынды Inditex холдингінің басшысы Амансио Ортегамен бөліскен болатын.
Forbes 1987 жылдан бастап әлемдегі байларды анықтап келе жатыр.