jasqazaq.kz

Білім тәжірибемен ұштасады

07 маусым 2017, 18:49

«Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Смағұл Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы инситуттының «Механизация және мал шаруашылығы» кафедрасы ашылды.

Зауыт директоры Әсен Жақсылықовтың айтуынша, кафедраның ашылуы кәсіпорынға қажетті мамандарды даярлауда маңызды қадам болып отыр. Білімін тәжірибемен ұштастырып, кафедраны үздік бітірген студенттер келешекте зауытта қалып жұмыс істеуіне әбден болады. Бұл қадамы бір жағынан студенттерге теориялық біліммен қатар, практикалық тәжірибе жинақтауға септігін тигізсе, зауыт басшылығы үшін өндіріске қажетті болашақ мамандарды өздері таңдап жүріп алуына мол мүмкіндік.

Кафедраның ашылуы салтанатына қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров студенттерге терең білім беруде қолдау білдірген зауыт басшылығына алғысын айта келе, білікті кадрларды дайындауда алдағы уақытта да ынтымақтаса жұмыс істейтіндіктерін атап өтті. Кафедрада студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалынған. Дәріс залы қазіргі заманғы жиһаз, мультимедиялық жабдықпен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, студенттерге университет оқытушылары ғана емес, зауыт мамандары да дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Айталық жарты ғасырдан астам тарихы бар «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінде сүті мен  қаймақ, май, ірімшік және балмұздақ тәрізді сүт өнімдерінің  30 түрі шығарылады. Әсіресе, ірімшік пен балмұздақтың құлпынай, қарақат, киви және француздық түрлеріне сұраныс жоғары. Өнім­нің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Өнімдері Астана қаласы мен еліміздің жеті облыс орталығына, Ресейдің Омбы қаласына шығарылады.

Кәсіпорында екі жүзден астам адам еңбек етеді. Соңғы бірер жылда мемлекеттің кең көлемді қол­­дауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, былайша айтқанда, кластерлік қадамдарға ден қоюда. Осы бағытта өткен жылы өндірісті кеңейту үшін 25 миллион теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл қаржыға құрал-жабдық сатып алынып, балмұздақтың қосымша 6 жаңа  түрін шығару қолға алынған. Оған қоса ірімшіктің де бірнеше жаңа түрі шығарылуда. Осының арқасында зауыт өнімдеріне тұрғындар тарапынан сұраныс артып келеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда