Қарағандылық жасөспірімдер 200 метр биіктіктегі мұнараға шығып, видео түсірген. Видеоны желіге салған олар «биіктіктен құлап кете жаздадым» деп жазып қойған. Олар мұнараға еш құрал-жабдықсыз өрмелеп шыққан деп хабарлайды NUR.KZ.
Олар шыққан мұнарадан жер «алақандағыдай» көрінеді. Алайда өліммен «ойнаған» қарағандылық жасөспірімдерді желі қолданушылары аямай сынап тастады.
Бұған дейін де осыған ұқсас мұнараға шығып, қыстыңгүні видео түсірген балаларды олар жазаға тарту туралы ұсыныс жасады.
«Ертең құлап өлсеңдер кім жауап береді?», «Бұларға айыппұл салу керек»,»Өліммен ойнаған ақымақтар. Бір сәтте жоқ болатындарыңды түсінген жоқсыңдар ма?», — деп ашуланды желідегілер.