Бибигүл Жексенбай адамдар көп жиналатын жерлердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді (Видео)

11 сәуiр, 15:41

Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 7,9 млн шаршы метр сауда алаңы бар, бірақ олардың бестен бір бөлігі ғана сапа мен қауіпсіздік өлшеміне сай келеді. Сауда-думан орталығындағы балалардың ойын бөлмесі екінші қабаттан жоғары емес және эвакуациялық есіктен 20 метрден қашық болмауы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, көптеген сауда орталықтарында балалардың ойын аймақтары жоғарғы қабатта орналасқан, эвакуация жолы да жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған эвакуация баспалдағында пандус жоқ.

Сауда орталықтарында бір қабатта ондаған тамақтану орындары орналасқан, бұл тамақ пісіретін қуаты жоғары техниканы қолдану салдарынан өрт қаупін арттырады.

«Құқықтық статистикаға сәйкес 2023 жылы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 13 978 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Өрт қауіпсіздігін өрескел бұзу фактілері мен құлыпталған немесе тіпті шынжырмен бекітіліп қойылған апаттық шығу жолдары, жарамдылық мерзімі өткен өрт сөндіргіштердің болуы немесе олардың болмауы, дабыл және өрт сөндіру жүйелерінің бұзылуы сияқты фактілер анықталған. Осының бәрі бірыңғай заң талабының орындалмауынан болып отыр. Сауда орталықтары ғимараттың техникалық жүйесін арнайы алгоритм бойынша басқаруға қабілетті жоғары технологиялық өрт дабылының басқаша жүйесімен жабдықталуы тиіс. Бұл барлық адамдарды белгілі бір уақытта өрттің қаупінен қорғауға және сол арқылы қауіпсіз эвакуациялауға жеткілікті уақыт беруге мүмкіндік береді», — деді Бибигүл Жексенбай.

Сенатор сонымен қатар Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында террористік шабуыл қаупін атап өтті. Ірі спорттық шаралардың қауіпсіздігі шетелдік және отандық тәжірибені ескеруді, қауіптердің алдын алу үшін кешенді ұйымдастыру және құқықтық қолдау көрсетуді талап етеді.

«Сауда-думан орталығындағы кіре беріс пен адамдар көп жиналатын жерлерде күзетті күшейтудің, қызметкерлермен нұсқама жүргізудің, сондай-ақ эвакуацияны қамтамасыз ету жүйесінің жұмысын қосымша тестілеу және жаттығу эвакуациясы мен ауызша хабарлаудың маңыздылығына назар аударуыңызды сұраймын. Сондай-ақ, жазғы демалыс алдында мектептерде және жоғары оқу орындарында оқушылардың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздік бойынша арнайы оқу жаттығуларын өткізу қажет», — деді сенатор Жексенбай.

@zhexenbay.bibigul Бүгінгі қоғам үшін табиғи апаттармен қатар, Ресей Федерациясында Crocus City Hall сауда орталығында болған қайғылы оқиғадан кейін адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болды. Қазақстанда 7,9 млн ш. м сауда алаңы немесе 70 мыңға жуық сауда объектілері бар. Оның жартысы Алматыда, төрттен бірі Астанада, қалғаны облыс қалаларында. Ең ірі сауда үйлерінің бірі «Хан шатырға» жұмыс күндері келушілер саны 40-50 мың адамды құраса, демалыс және мереке күндері 120 мың адамға дейін жетеді. Яғни қауіпсіздік мәселесі маңызды. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес, мұндай орталықтардағы балалар ойын бөлмелері мен кинотеатрлар екінші қабаттан жоғары болмауы және апаттық шығудан 20 метрден алыс болмауы керек. Бірақ, өкінішке орай, көптеген сауда орталықтарында балалар ойын алаңдары жоғарғы қабаттарда орналасқан, ал эвакуациялықжолдары қарастырылмаған. Сондай-ақ эвакуациялық сатыларда мүгедектердің жүріп-тұруына арналған пандустар жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, сауда орталығында бір қабатта мыңнан астам адам бір мезетте бас қосатын ондаған қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Мұнда қуатты аспаздық құрал-жабдықтарды пайдаланғандықтан, өрт шығу қаупі жоғары. Құқықтық статистикаға сәйкес, 2023 жылы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін 13 978 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Өрт қауіпсіздігін өрескел бұзу фактілері мен құлыпталған апаттық шығу жолдары, жарамдылық мерзімі өткен өрт сөндіргіштердің болуы немесе олардың болмауы, дабыл және өрт сөндіру жүйелерінің бұзылуы сияқты фактілер анықталған. Соңғы кездері әлемдік қауымдастық елдері лаңкестік қауіптерге тап болып отырғанын айта кеткен.Сондықтан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – ірі халықаралық спорттық шараларды сәтті өткізудің басты шарттарының бірі. Өздеріңіз білетіндей, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айында Астанада өтеді деп жоспарланған. Жарысқа 100-ден астам елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Осындай ірі спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз ету осы саладағы бұрыннан жинақталған шетелдік және отандық тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ оның барысында ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған ұйымдық-құқықтық қауіпсіздік шараларының кешенін әзірлеу маңызды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, сауда орталықтарының кіреберістері мен адам көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздікті күшейтуге (күзетшілер санын көбейту, оларды арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету), қызметкерлерді жүйелі оқыту, сондай-ақ эвакуациялау және оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге назар аудару қажет. #қазақстан #трц #астана #алматы #безопасность #дети #кинотеатр #фудкорт #пожар#игрыкочевников#2024 #бибігүлжексенбай ♬ оригинальный звук — Bibigul

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды