Педофилді ұрамын деп басы дауға қалған Сәтбаевтағы сержантқа енді елдегі кішкене бүлдіршіндер де араша түсе бастады деп хабарлайды NUR.KZ.
«Прокурор, полицейді босатыңызшы! Ол мен сияқты кішкентай балаға көмектесті. Біз секілді кішкентайларға көмек керек, ол бізді қорғау керек»,- дейді басына полицейдің фуражкасын киген кішкене бүлдіршін.