jasqazaq.kz

Бернадетте Гирлингер: Қазақстан – маңызды әрі сенімді әріптес

14 маусым 2017, 16:00

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында Аустрияның ұлттық күні аталып өтті. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.


Ұлттық күн ту көтеріп, «Әулие Флориан» хорының екі ел әнұранын орындауымен басталды. Еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Роман «Аустрия көрмесі – халықаралық көмелердегі ең бірегейі болып табылатынын атап өту керек. Аустриялықтар көрмесі күннен, желден, судан энергия алуға арналған ешбір құрылғыларды таныстырмайтынымен ерекшеленеді. Себебі энергия көрмеге келушілердің өзіннен туындайтын болады», — деп көрменің ерекшелігіне тоқталып, қонақтарды мерекемен құттықтады.


Ал Аустрия ғылым, зерттеулер және экономика вице-министрі, делегация басшысы Бернадетте Гирлингер «Қазақстан – біздің аймағымыздағы ең маңызды сауда әріптесіміз, мұнай жеткізушіміз болып табылады. Қазақстан – осыдан 25 жыл бұрын Аустриямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Орталық Азиядағы алғашқы ел болғандығы, біздің қарым-қатынасымыздың ертеден келе жатқандығы – тамаша байланысымызды одан әрі айқындай түседі. Қазақстан – маңызды әрі сенімді әріптес болып саналады», — деп елімізде өтіп жатқан көрменің маңыздылығы мен алған әсерін тілге тиек етті. Қазақ және ағылшын тілдерінде өткен салтанатты шара мен «Әулие Флориан» хорының концертін тамашалаған делегация мүшелері мен қонақтар Қазақстан мен Аустрия павилондарын аралады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың орнағанына биыл 25 жыл толды. Расында, Аустриялықтар көрмесіне келушілер энергияны өздері өндіреді екен. Мәселен, көрмеге келген қонақтар бірнеше белесебетті бірлесе тепкен кезде, Аустрия туралы бейнені көру үшін жеткілікті электр қуатын жинай алады.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда