jasqazaq.kz

Береке бастауы — бейбітшілік

15 наурыз 2024, 22:00

Халық он екі айдың сұлтаны Рамазанды – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын шарапаты мен шапағаты мол ай деп біледі.

Бүгін Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласындағы «Elegant» тойханасында ҚР Президентінің атынан ауызашар берілді. Оған қаланың ардагерлері, зиялы қауым өкілдерімен қатар еңбек адамдары, көп балалы аналар, ҮЕҰ белсенділері, ҚХА мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Құран оқылып, асқа бата берілгеннен кейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сөз алып, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы айта келіп, әлемде тыныштық болуын, дәл қазір Қазақстанға бейбітшілік пен татулық, бірлік аса қажет екенін, Мемлекет басшысының Үкіметті осы мақсатқа жұмылдырып отырғанын тілге тиек ете отырып, ораза ұстаған ағайынға Президентіміздің сәлемін жеткізді. Өз кезегінде мемлекет және қоғам қайраткерлері Орынбай Рахманбердиев пен Бекет Тұрғараев та ел бірлігі туралы ойларын жұптады. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Әбдірахманов ел аузындағы дінге байланысты қате ұғымдарға түсініктеме берді.


— Мемлекет басшысының қасиетті Рамазан айында берген ауызашарына қатысып, Президентіміздің дастарханынан дәм таттық,-деді көп балалы ана Әнипа Ысқақова. Үлгілі отанасының бүгінде 21 немересі, 10 шөбересі бар.

Алладан елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілеген әже Мемлекет басшысына «халықтың алғысына бөлене берсін» деген ақжарма тілегін айтты.
15-наурыз — Қайырымдылық күніне орай берілген ауыз ашарға қатысқан ағайындар халық әндерін тыңдап, жандары жадырап қайтты.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?