jasqazaq.kz

Белсіз ұлдың баласы дайын

18 сәуiр 2018, 17:21


Алматылық зейнеткер ұлының бедеу екенін жылдар бойы жасырып келген. Перзентінің үмітін үзгісі келмеген ана, өзгеден жүкті болған аруды үйіне келін еткен.
Nur.kz хабарлағандай, оқиға осыдан біраз жыл бұрын орын алған екен. Жасы 58-ден асқан қарияның сөзінше, небары 30-жасында жолдасы жол апатынан қайтыс болып, зейнеткер 1 жастағы баласымен жалғыз қалған. Аға-бауырларының арқасында, жесір әйел Алматы облысынан жер алып, үй салады, өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрады.
Жалғыз ұлының айықпас дертке шалдыққанын жалғызбасты ана 14 жасында біледі. Түрлі емханалар мен дәрігерлерге қаратса да, дертіне шипа таппайды. Жылдар өте келе, ұлы мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына оқуға түседі. Сол кезде оған 24 жасында беймәлім жігіттен жүкті болып қалған арудың анасы келеді. Ол «қызының жігіті тастап кеткенін, баланы алдыртып тастау керектігін» жеткізеді.
Мақала авторының айтуынша, амалы таусылған ана әлгі қызға құда түсіп, бар-жоғы бір айдың ішінде той жасап, келін етіп түсіреді. Тоғыз айдан кейін келіні шекесі торсықтай ұл баланы дүниеге әкеледі. Бүгінде зейнеткердің немересі 7- жаста екен.
«Бұл баланы «бөтен» деуге қимай мен де әбден бауыр басып кеттім. Қазір немерем жеті жаста. Биыл мектеп табалдырығын аттады. Өзі зерек, ұқыпты болып өсіп келеді. Келініме тартқан. Ұлым кей кездері келініме «енді маған өзіме тартқан бір ұл туып берсең» деп қалжыңдап қояды. Мұндайда менің ішіп отырған асым тамағымнан өтпей, кеудеме өксік тығылып қалады. Келінім шыдай алмай теріс бұрылып кетеді. Ұлымның табысқорлығы, отбасы үшін жанталасатыны, отбасына деген қамқорлығы шексіз. Ұлына деген қамқорлығы тіптен ерекше. Бос уақыты болса ұлын жүзу алаңына апарып, ұлының денсаулығына, тәрбиесіне қатты көңіл бөледі», — деп жан сырымен бөліскен ана.
Жасы алпысты алқамдаған ана, ұлына шындықты айтуға жүрексініп жүрген көрінеді. Айтуынша, ақиқатты білсе айрандай ұйып отырған отбасының берекесі қашпақ.
«Соңғы кездері менің де денсаулығым жиі сыр береді. Осымен бір жылда екінші мәрте қан қысымым жоғарылап ауруханаға жатып шықтым. Ерте ме, кеш пе, мен де арғы бетке өтетінім белгілі. Бірақ туған балама белсіздігін қалай жария етемін? Әлеумет, сіздерден сұрарым мен не істеуім керек?! Бұл құпияны өзіммен бірге ала кетуім керек пе, әлде ұлыма бар шындықты айтуым қажет пе?!», — деп көпшіліктен көмек сұраған амалы тауысылған ана.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр