Сербия астанасының батыс бөлігі Жаңа Белградта қатты жарылыс болды деп хабарлайды Хабар 24.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дүмпуін қаланың әр бөлігіндегі тұрғындар естіген. Төтенше жағдай автотехорталықтың аумағында орын алған.
Қазіргі уақытта оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және жедел жәрдем жеткізілді. Автотехорталықтың аумағында автомобиль майларының қоймасы жарылуы мүмкін деген болжам бар.
Елдің ІІМ таратқан мәліметі бойынша, жарылыстан ешкім зардап шекпеген.