jasqazaq.kz

Белгісіздер Ресейде Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған (видео)

15 мамыр 2017, 18:36

Белгісіздер Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласында Мәншүк Мәметованың ескерткішін қорлаған.

Видеода ер адам ескерткішке шығып алып, суретке түскісі келеді. Ал оның достары оны суретке түсіріп тұрып, былапыт сөздер айтады. Бұл видео Қазнетте таралып, қолданушылардың ашуын туғызды. Осы даулы видеоға қатысты ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді. «ҚР-ның Санкт-Петербургтегі Бас Консулдығы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың Псков қаласындағы ескерткішін қорлағандарды тауып, жауапкершілікке тарту бойынша ресейлік құқық қорғау органдарына хабарласты», — деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіндегілер. Елшіліктегілер РФ Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстарға қатысты заң барын және осы заңды бұзғандар жазаланатынын еске салды. Невель қаласындағы Мәншүк Мәметова ескерткіші. © wikipedia.org Айта кетейік, Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк Мәметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқан. Ал 2010 жылы осы қалада қазақтың батыр қызына ескерткіш ашылған. Бұл қалада Мәншүк атында көшелер де бар.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда