Белгісіз біреулер танымал музыкант, марқұм болған әнші Виктор Цойдың зиратының күл-талқанын шығарды. Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі Демократический Петербург парақшасынан белгілі болды.
Музыканттың қабірі Санкт-Петербургтағы Богослов моласында орналасқан. 21 маусым күні Цойдың фанаттары оның туған күніне орай қабіріне гүл қойып, оны еске алған. Ал бұзақылар гүлдерді лақтырып, айналаны шашып тастаған.
Айта кетейік, көзі тірі болғанда музыкант 21 маусым күні 55 жасқа толар еді.