jasqazaq.kz

Белгілі журналист шеберлік сабағын өткізді

07 қараша 2024, 18:17

Елімізде екі-үш жылдан бері 7 қараша — Әскери журналист күні ретінде аталып келеді. Бүгін Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасында белгілі журналист, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанболат Аупбаевпен кездесу болып өтті.
Жанболат Әлиханұлы ұзақ жыл қазақ баспасөзінде және оның қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газетінде басшылық қызметтерде болды.


Кезінде Мәскеудегі «Комсомольская правда», «ТАСС», «АПН» секілді Бүкілодақтық ақпарат көздерінде тәжірибе жинақтаудан өткен ол деректі дүниелер жазумен көп шұғылданды.
Майталман журналистің негізгі тақырыбы – әскери-соғыс тарихындағы тағдыры таңғажайып қазақтар мен бейбіт кезеңде өте сирек мамандықты меңгерген қандастарымыздың өмірі деуге болады.
Оның «Бізге беймәлім бейнелер», «Мынау ғажап дүние», «Оққа тосылған отжүрек», «Таңғажайып тағдырлар» және тағы басқа кітаптарын оқырмандар кезінде жылы қабылдады.
Жанболат Аупбаев шеберлік сабағы барысында өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, болашақ әскери журналистерге кәсіби тұрғыдан бірқатар бағалы ақыл-кеңестерін берді.


Ол әрбір зерттеу мақаласының қалай дүниеге келгенін, оған не түрткі болғанын егжей-тегжейлі баяндады. Мысалы, кезінде Александр Мотросовтың ерлігін қайталап, тірі қалған Сабалақ Оразалинов туралы Ресейде іс-сапарда жүргенде кездейсоқ естиді. Елге келген соң елеусіз өмір сүріп жатырған батырды іздеп тауып, іргелі дүние жазады.


Қазақ журналистикасының корифейі әсіресе әскери журналист үнемі сергек, қырағы болу керек, кішкентай деректі тауып алып, соны індете іздеген адам түбінде елді елең еткізер дүние туғызуы мүмкін дегенді айтты. Сондай-ақ, маршал Жуков өз мемуарында есіне алып, жазған жалғыз қазақ туралы да баяндап берді.
Ж.Аупбаев қазір Кеңестер Одағы кезінде елімізден тысқары жерлердегі соғыс қимылдарына қатысып, түрлі себептермен есімдері ескерусіз қалған қазақ жауынгерлерінің тағдырын зерттеп жүр екен.
Қабырғалы қаламгердің жаңа зерттеу мақалалары мен кітаптарын біз асыға күтетін боламыз.

Ерасыл Сраилов,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенті

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста