jasqazaq.kz

Белбеусіз көлік тізгіндеген полицейлер (видео)

10 маусым 2017, 18:30

Оңтүстік Қазақстан облысында «ОСА» қоғамдық қозғалысының белсенділері көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқан полицейлерді видеоға түсіріп алды.  Youtube видеохостингінде Шымкенттегі «ОСА филиалының директоры Денис Шевченконың үндеуі жарияланды. Ер адам биыл 9 маусымда Y 202 KP мемлекеттік нөмірі бар патрульдік көліктің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын айтады. Шевченконың айтуынша, полиция формасын киген жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпай отырған. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы 2016 жылдың соңында қызметінен кеткен болатын. Шевченконың айтуынша, ведомствоға жаңа басшы келсе де, жол қозғалысы ережелері әлі де бұзылып жатыр. Осыған байланысты ер адам жергілікті полиция қызметінің қазіргі басшысынан қызметкерлерімен жол қоғалысы ережелерін сақтау туралы кеңес өткізуін сұрады.

 

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда