“Үйленгендер тізіміне енейік, Өлмегендер тізімінде бармыз ғой” …Бұл әнші Әбдіжаппар Әлқожаның “Махаббатсыз өмірді кім сүрмеді” атты жаңа әнінен алынған үзінді.
Иә, бұл күндері көптің көңілінен шығып жүрген әнші жаңа бейнебаянның тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz.
Клип қысқаметражды анимациялық фильм ретінде түсірілген.
Желідегі тыңдарман пікіріне сүйенсек, бейнебаян көптің көңілінен шыққан ұқсайды. Желі оқырмандары әннің “хитке” айналу мүмкіндігі көп екендігін айтып, әншіге сәттілік тілеп жатыр.