jasqazaq.kz

Әбдіманап Бектұрғанов: 12 жылдық қазіргі 11 жылдықтың жаңартылған формасы емес пе?

20 қыркүйек 2017, 14:32

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев мырзаның атына 12 жылдық білім беруге байланысты сауал жолдады.

Бір ескере кететін мәселе Бектұрғанов осымен екінші рет білімге қатысты сауал жолдап отыр. Өткен жолы депутат үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың атына білім гранттарын бөлу кезіндегі заңсыздықтар жөнінде сауал жолдаған болатын. Бұл жолы Бектұрғанов орта білімге қатысты алаңдап отыр. Ол өз сауалында білім беруге арналған мемлекеттік бағдарламада 2019-2020 оқу жылынан бастап 6 жастағы балалардың мектеп алдындағы даярлығы 12 жылдық мектептің 1-сыныбына ауыстырылатындығы көрсетілгендігін атап өтті. «Дегенмен 5 жастағы балалар үшін нөлдік сынып енгізілетіндігінен біз бәріміз хабардармыз. Қазақстан Республикасы білім-ғылым заңына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін ұйымдар санатына жатпайтынын ескерсек, нөлдік сыныптың бағдарламасы қалай жүзеге асады? Сонда 12 жылдық қазіргі 11 жылдықтың жаңартылған формасы емес пе? Онда бұл несімен ерекшеленеді деген сұрақ туындайды. Нақтылай түссек мұның өзі Білім туралы заңның талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрініп тұр. Тіпті қарапайым арифметикаға сүйенсек 0+11=11 болып шықпай ма? Мұның өзі осы тұжырымды қалыптастыруда қиыншылық туындатпай ма?», – деді Бектұрғанов.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда