Жуырда жарық көрген Ерке Есмаханның “Қайда?” атты клипі небәрі бірнеше күнде миллионды бағындырып, сөзсіз хитке айналды. Бір қызығы, дәл осы клипті Ерке продюсердің көмегінсіз таспалады. Есмаханның Еркесі жаңа жылдан бастап продюсері Баян Есентаевадан еншісін алып, бөлініп шыққан еді.
Бұл ретте Баян Мақсатқызы не себепті Еркемен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді.
“Адам баласы 10 жылда мектепті де аяқтайды ғой. Дәл сол сияқты мен Еркемен 10 жыл жұмыс істедім. Ол осы уақыт аралығында тәжірибесін шыңдап, көздеген мақсаттарына жете алды. Қазіргі таңда өнердің биігінде қалықтап жүргені мені қуантады”, – деді Баян Мақсатқызы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.
Иә, ұясынан ұшырғанымен, Баян Мақсатқызы Еркенің шығармашылығын жіті қадағалап, назарда ұстайды екен. Ол шәкіртінің алғашқы туындысының табысқа жеткеніне қуанышты.