Бауырлас қалалар – Шымкент пен Сиань арасындағы ынтымақтастық нығая түседі

25 маусым, 12:05

Өткен жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай еліне мемлекеттік сапары аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, бауырластық байланыс орнату туралы бірқатар келісімдерге қол қойған болатын. Келісім барысында 23 маңызды құжатқа қол қойылса, соның ішінде Шымкент пен Сиань қаласы арасында бауырластық байланыс орнату жөніндегі уағдаластық та бар.

Қос шаһар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Сианьға жұмыс сапарымен барды. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ғабит Сыздықбеков Сианьдағы көлік-логистикалық қызметпен танысып, көрші елдің тәжірибесін көреді. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында бірқатар келіссөздер жүргізіледі.

Сапар барысында мегаполис басшысы халықаралық сауда-логистикалық парктің, «Қытай-Қазақстан Сауда-логистикалық компаниясы» қызметімен танысты.
Еске түсірсек, Сиань қаласының құрғақ портында еліміздің логистикалық орталығының құрылысы өткен жылы басталды. Биылғы ақпан айында Мемлекет басшысы телекөпір режимінде көлік-логистикалық терминалдың жұмысына бастау берді.

Сиань құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың жобалық қуаты жылына 133 мың жиырма футтық баламасын құрайды. Нысанның жалпы ауданы — 6.7 гектар. Терминал еліміздің экспорттаушылары үшін жаңа өткізу нарықтарына жол ашады, жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартады және Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ғабит Сыздықбеков «Орталық Азия» саябағындағы мәдени көрме орталығына да барды. Бұл саябақ Сианьде Қытай мен Орталық Азия елдері көшбасшыларының тарихи сааммитінен бір жылдан соң ашылды.

Орталықта және саябақ аумағындағы ұлттық киімдер, мүсіндер мен кәдесыйлар келушілерге Орталық Азия халықтарының мәдени атмосферасын сыйлайды. Ғимаратта отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған сауда қатарлары орналасқан. «Орталық Азия» саябағының аумағында Ғабит Сыздықбеков ұлттық мейрамхананың құрылысына бастама берді. Мейрамхана биыл күзде ашылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Сианьде Шымкентте өндірілген тауарлар ұсынылатын дүкен ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қажетті рәсімдерден, соның ішінде өнімдер сертификаттау өткеннен кейін Шымкент кәсіпорындарының тауарлары Сианьге экспорттала бастайды.
Қала әкімі Сиань мен Шымкент кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен сауда-экономикалық форумына қатысты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде