jasqazaq.kz

Батыс Қазақстанда бұршақтан келген шығын көлемі анықталуда

12 шiлде 2017, 11:10

11 шілде күні кешкісін Зеленов ауданы Дариян ауылында жауған қатты бұршақтан келген залал көлемі анықталуда.

Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың сөзіне қарағанда, ауылдағы бау-бақша өскіндері түгелдей бүлінген. Сондай-ақ Дариян маңында егілген қауын-қарбыз, қиярларға да елеулі зиян келген. Бұршақтың төрт-бес автокөлікке «өз өрнегін» салғаны белгілі болуда. Ауыл-ауладағы су жиналған жерлерге автокөліктер жіберіліп, су сорылды. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжановтың айтуынша, қазіргі уақытта бұршақтан келген шығын көлемі есептелуде. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Дариян ауылында күтпеген жерден қатты бұршақ жауған болатын.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда