jasqazaq.kz

Батырдың ерлік жолын еске алды

27 қараша 2024, 20:01


Бүгін Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының Ақселеу Сейдімбек атындағы залында Кеңес Одағының Батыры, мемлекет қайраткері Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай алқалы жиын өтті. Оған батырдың көзін көрген адамдар, тарихшы-ғалымдар, ҚР Ішкі істер министрлігінің ардагерлері, ЕҰУ әскери кафедрасының оқытушылары және студент жастар қатысты.
Ең алдымен батырдың өмірі мен ерлігі жайлы баяндайтын бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Сосын «Ғажайып адамдар өмірі» сериясы бойынша жарық көрген Махмет Қайырбаев туралы кітаптың тұсауы кесіліп, батырдың ұлы осы шығарманың дүниеге келу тариыхынан сыр шертті.


ҚР Ішкі істер министрлігінің ардагері, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков қарапайым қазақ баласының қиын тағдыры мен майдан даласындағы ерлігі жайлы айтып берді. Махмет он екі жасқа келгенде әкесі Қайырбайға нахақтан жала жабылып, халық жауы ретінде атылып кетеді. Қайсар бала сонда да мойымай мектепті үздік бітіріп, Павлодар педагогикалық училищесіне түседі. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберіледі. 1943 жылдан майдан даласында ұрыс қимылдарына қатыса бастайды. М.Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды.
Ал, 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласын қорғауда көрсеткен ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы алған. Сол қала үшін болған ұрыста М.Қайырбаев өзінің 15 сарбазымен жаудың 7 мәрте шабуылына тегеурінді тойтарыс берген көрінеді.


Жалпы осы жоғары атаққа ол үш рет қатарынан ұсынылып, тек үшінші ретінде ғана ие болған екен. Себебі «халық жауының» баласы деген қара таңба алдынан шыға берген дейді. Жалпы батырдың алған бетінен қайтпайтын қайсарлығын бейнелейтін бір деталь бар. Ол — өзінің әкесінің халық жауы болғанын ешқашан жасырмағаны, қайта өмір бойы оны ақтап алуға тырысқаны.
1945 жылы ол Дзержинский атындағы артиллериялық академияға емтихансыз қабылданады, бұл соғыстан кейінгі бірінші командалық құрамы тұтастай Кеңес Одағының Батыры атағын алған сайыпқыран артиллериллеристерден тұрды.
Қыр баласы сабақты үздік оқығанымен оны себебін айтпастан академиядан шығарып, әрі қарай қызметін Степной (Түркістан) әскери округінде өтеуге жібереді. Өйткені ол бұл уақытта халық комиссары Л.Берияның атына әкесін толық ақтап, соттылығын алып тастау жөнінде арыз жазып үлгерген еді.
Кейін әскер қатарынан босап, біржола бейбіт өмірге оралған Махмет Қайырбаев өзін іскер басшы, беделді азамат ретінде көрсете білді. Түрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Оның басшылығымен Павлодар облысында «Қазақстан алюминийі», Ақсу ферроқорытпа зауыты, Екібастұз ГРЭС-і құрылыстары салынды.
Алақалы жиынға қатысшылар Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың майдандағы және бейбіт замандағы өнегелі өмірі қазіргі жастарға үлгі болу керек деген ортақ тоқтамға келді.

Абзал Ибрагим

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды