Батыр атындағы жарыс мәреге жетті

20 қараша 2023, 15:03

Астаналық колледждер арасындағы он күнге созылған тартысты жарыс өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жарысқа елордалық 16 колледж қатысты.

– Бұл турнир – еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдық мерейтойына арналған алғашқы іс-шаралардың бірі. Оның басты ерекшелігі әрбір қатысушы команда Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған бір әйгілі қазақстандықтың атымен өнер көрсетуінде болып отыр. Осылайша, біз студен-жастарды халқымыздың қаһармандық тарихымен таныстыруға тырыстық, – дейді турнирдің идеясы жөнінде Atamnyn amanaty қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана Халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы командасы бірінші орынды иеленді.
Екінші орын Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті колледжінің Кеңес Одағының Батыры Ысқақ Ибраев атындағы командасының еншісінде.


Үшінші орынға Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Леонид Беданың атымен өнер көрсеткен Көлік және коммуникация жоғары колледжінің командасы көтерілді. Осы команданың өкілі Диас Жақыпов үздік шабуылшы деп танылды.
Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің студенті Әмірхан Қасымов үздік байланыстырушы атанды. Төрешілер Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінің өкілі Досжан Ізтілеуді үздік бұғаттаушы деп таныды. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті колледжінің қызметкері Еламан Омаров үздік либеро атанды.
Құрылыс-техникалық колледжінен Бекзат Қадылбек, Республикалық медицина академиясы медициналық колледжінен Әлімжан Елеусінов және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті колледжінен Дархан Қалиев турнирдің көрігін қыздырған үздік ойыншылар деп танылды.


Жарыстың соңында Қарулы Күштері ардагерлері мен колледж командалары жаттықтырушыларының арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Көпшіліктің назарын өзіне аударып, өте тартысты жағдайда өткен кездесуде отставкадағы генерал-лейтенант Абай Тасболатов бастаған ардагерлердің «Сарыарқа» командасы жеңіске жетті.
– Спорт – әскери-патриоттық тәрбиенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ол адамның күш-қуатын арттырады, рухын нығайтады және барлық ұрпақ өкілдерінің басын біріктіреді. Менің ойымша, сіздер бүгін бұған тағы бір рет көз жеткіздіңіздер, – деді өз сөзінде А.Тасболатов.


Армия генералы С.Нұрмағамбетовтің мерейтойы алдағы жылы бүкіл еліміз бойынша кең көлемде аталып өтіледі. Демек, бұл даңқты батырға көрсетілер құрметтің, үлкен іс-шаралардың басы ғана.

«Atamnyn Amanaty» ҚБ баспасөз қызметі

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу