jasqazaq.kz

Батпаққа әбден баттық: тараздықтар әкімдікке наразылығын білдірді

12 маусым 2024, 15:07

Таразда 20 жыл бұрын ел қоныстанған тұрғын үй алабына асфальт салынбаған. Әкімдік былтыр «қаржы бөлінді, бүкіл көшені жөндейміз» деп уәде берген. «Барысхан» алқабындағы ағайын жаз болса шаң басып, күз бен қыста батпаққа малынып жүруге мәжбүр. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

– Балалар мектепке киімі батпақ болып барады. Жаңбыр жауса, батпақтан жүре алмаймыз. Жылына 2-3 аяқ киім ауыстырамыз. Әкім мырза келіп, көрсін, – деді қала тұрғыны Роза Олжабаева

Былтыр қала билігі жұрттан сүйінші сұраған. Тұрғындардың сөзінше, республикалық бюджеттен жолға қажетті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары да басталған. Бірақ бір жолды асфальттап болған соң, жауаптылар жұмысты тоқтатқан.

– 1 млрд 600 мың теңге бөлінді. «Биыл екеуін істейміз, келесі жылы қалғанын істейміз» деді. Республикадан ақша бөлінді, сол ақша қайда? – деді қала тұрғыны Құралай Самиева.

Тұрғындар бұл жолы қала басшысын өздері іздеп барды. Шаһар әкімі «жобаның жасалғаны рас, бірақ қаржы жоспар бойынша бөлінбеді» деп ақталды.  Дегенмен жол салуға республикадан 1,4 миллиард теңге қаралған. Бүгінде оның бір бөлігі ғана берілген.

– Биыл республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен 767 млн теңге қаражат қарастырылған. Бірақ ол қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес, маусымдаө, мердігер 1-2 күн болды жұмысын бастады, – деді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Қала әкімі мердігерге қаржының 30 пайызын аударып берген. Құрылыс компаниясы 1 қазанға дейін 8 көшеге жол салуы тиіс. Ал қалған жолдар келер жылдың еншісіне қалды.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?