jasqazaq.kz

Басынан аяғына дейін бәріне өзім куә болдым

19 желтоқсан 2023, 11:17

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде Желтоқсан көтерілісін еске алып, оқиғаның қалай басталғанын айтып берді.

«Көк туымыз бүкіл әлемде көкке көтеріле берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болсын. Бүгін Алла бұйыртса, Америка елінде қазақ қандастарымызбен бірге бас қосатын боламыз. Осы көтеріліс кезінде Алматыға келгеніме 1 жыл ғана болып еді. Жаныма қыздарды алып, басынан аяғына дейін бәріне өзім куә болғанмын. Ол кез жастық шақ, нағыз қызу қанды кезіміз. Түсіп қалған суретпен де ұл-қыздарды қамап жатыр деген соң бәрі біткен кезінде де көтеріліс кезіндегі студенттердің қаза болғаны көз алдыма елестеп ұйықтай алмай жылай берген мені көріп, анашым 1 айға ауылға алып кеткен болатын. Қаншама жастарымыз қыршыннан қиылды десеңізші. Мені де тура алаңда құлап жатқан жерімнен қазақ жігіттері, жүгіріп қашып бара жатып қолымнан демеп тұрғызып қашырып үлгертті. Ел үшін қанын төккен бауырларымыздың жандары жаннатта болсын», — деп жазды Айдарбекова.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?