Баспанаға кезекке тұру тәртібі өзгереді: 10 жыл үйің болмауы керек

22 қараша 2023, 12:33

Елімізде баспанаға кезекке тұру тәсілдері өзгереді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Бүгін Мәжілісте министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
Оның сөзінше, жаңа механизмдерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдардағы бөлек тізімдер «Отбасы банкке» өзгеріссіз беріледі. Қазір тізімде 646 мың адам тұр. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың базасына есепке қою тоқтатылады.

1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2. жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3. көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
4. халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;
5. мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi;
6. жалғыз тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

«Отбасы банк» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылып, оған қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат тұра алады. Әрбір өтінім үшін кірістерді, мүлік пен активтерді анықтайтын отбасының цифрлық портреті жасалады. Бұл азаматтың отбасылық жағдайының барлық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік береді» деді Қанат Шарлапаев.

Аталған жүйе тұрғын үйге мұқтаждығын растау үшін, кезекке тұру үшін, одан кейін ипотека алу үшін банкке бару сияқты бірнеше инстанцияға жүгінудің қажеттілігін жояды.

Ұсынылып отырған жаңа модельге сәйкес, тұрғын үйді бөлу азаматтардың есепке тұрған күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады. Осылайша, тұрғын үйді есепке тұрған күніне байланысты бөлу, барлық мұқтаж азаматты әділ түрде қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, табыс деңгейіне байланысты азаматтардың жалдау ақысын субсидиялау, арендалық тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотекалық қарыздар (жылдық мөлшерлеменің 2-5% мөлшерінде) түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Тұрғын үй кезегіне қою кезінде негізгі талап — меншігінде баспана болмауы.
Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Енді кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұлғайту көзделген.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу