jasqazaq.kz

Бас прокуратура: Мемлекетке 950 млрд теңгеден астам актив қайтарылды

29 желтоқсан 2023, 17:18

Бас прокуратура заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы депутаттардың сауалына жауап берді. Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, активтерді қайтарудың негізгі қағидаттарының бірі — процеске қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау заңдылығының басымдығы, деп хабарлайды baq.kz.
«Комиссияның бірнеше отырысы өтті, бірқатар адам Тізілімге енгізілді, хабарламалар берілді жəне декларациялар күтіліп отыр. Активтердің ашылуын күтпей-ақ, комитет бірінші күннен бастап субъектілер туралы мəлімет жинау бойынша жұмыс жүргізуде, оларды активтерді сатып алу (шығу) көздерінің заңдылығына талдау жəне тексеру жүргізеді, заңсыз баю белгілері бар нақты істерге бастама жасайды жəне алға жылжытады», — делінген Бас прокурордың ресми жауабында.
Сонымен қатар біз жүздеген активтерді, яғни ірі холдингтерді бақылайтын тұлғалар туралы айтып отырғандықтан, комитет деректердің үлкен көлемімен, соның ішінде шетелдік көздерден алынған деректермен айналысады.
«Мəселен, бүгінде комитет сарапшыларының зерделеуінде субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларының 250 мыңға жуық банктік операцияcы бар. Заң бойынша шаралар қабылдаумен қатар, бұрын басталған іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінде мемлекетке 950 миллиард теңгеден астам активтер қайтарылды», — деп жауап берді Берік Асылов.
Оның айтуынша, комитеттің штатында 50 маман бар. Жедел кадрлық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету тиісті ведомстваға өзінің негізгі функцияларын бірден дерлік орындауға кірісуге мүмкіндік берді.
Комитет барлық құқық қорғау, арнайы мемлекеттік жəне уəкілетті органдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Жұмыс шетелдік юрисдикцияларға қатысты мəселелерге (сұраныс бағыты, шетелдік мүдделі тараптармен байланыс жəне т.б.) сəйкес құрылымдалған, тартылған жұмысшылардың барлығы дерлік осымен айналысады.
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты жалпы қолдауды 4 қызметкерден тұратын мамандандырылған басқарма қамтамасыз етеді. Активтерді қайтару жөніндегі іс-шаралар заңмен қорғалатын құпияны сақтаудағы шектеулерді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?