jasqazaq.kz

Бас прокуратура «дропперлер» үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін ескертті

08 шiлде 2025, 16:41

Бас прокуратура өзінің банк карталарын, шоттарын немесе дербес деректерін үшінші тұлғаларға берудің салдары туралы ескертеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Бас прокуратура ел бойынша қылмыс жасауға жәрдемдескен 6 мыңнан астам дроппердің жеке басын анықтады.
Қазіргі уақытта Парламент Сенатында заң жобасын мақұлдау рәсімі өтуде. Онда дропперлердің өздерінің төлем құралдарын үшінші тұлғаларға заңсыз, материалдық сыйақы алу мақсатында бергені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді (Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы).
Аталған әрекет тек қаржылық шектеулерге ғана емес, сондай-ақ 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін.
Бас прокурарураның баспасөз қызметі дропперлер үшін салдары қандай болатынын жария етті. Олар төмендегідей:

• барлық банк шоттарының алаяқтық іс ретінде бұғатталады;
• күдікті тұлғалар тізіліміне енгізіліп, осыған байланысты қаржылық қызмет шектеледі;
• нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі;
Бұл зардаптар өздерінің банк шоттарын, соның ішінде шетелдік шоттарды, қылмыстық схемаларда пайдалануға ұсынған шетел азаматтарына да қолданылады.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына сәйкес, егер адам құқыққа қарсы схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бұған дейін өз шотын  үшінші тұлғаларға берген жағдайда, ықтимал құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу үшін банк бөлімшесіне дереу жүгіну немесе онлайн-банкинг арқылы картаны бұғаттау керек.
Бас прокуратура азаматтарды қаскүнемдердің құралына айналмауға шақырады.
JQ-Aqparat

 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?