jasqazaq.kz

«Барселона» Неймарды 222 миллион евроға сататынын растады

02 тамыз 2017, 18:38

Каталониялық «Барселона» өзінің ресми сайтында бразилиялық шабуылшы Неймарды 222 миллион евроға сататынын растады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Шетелдік БАҚ мәліметі бойынша, Неймар жуық арада париждің «ПСЖ» клубына ауысады.

«Неймар әкесі әрі агентімен бірге бүгін «Барселона» басшыларына командадан кеткісі келетінін айтты. Клуб оларға тек қана келісімшартта жазылған 222 миллион евроға сататын және төлем бірден жүзеге асуы керек туралы айтты», — делінген клуб таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін шабуылшы «Барселонаның» бас бапкері Эрнесто Вальверденің рұқсатымен таңғы жаттығуға қатыспаған. Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Неймар әріптестерімен қоштасып, жаңа командаға ауысатынын айту үшін жаттығуға келіп кеткен. Бразилиялық шабуылшы командасымен жарты сағаттан астам уақыт бірге болып, артынша өз көлігімен кетіп қалған.

Неймар алдағы демалыс күндері Парижге келіп қажетті медициналық тексерістерден өтеді. Ал дүйсенбі күні «ПСЖ» клубымен ресми түрде келісімшартқа қол қояды.

25 жастағы бразилиялық футболшы «ПСЖ» клубына ауысатын болса, онда француздық клубтың бас демеушісі Qatar Sports Investments компаниясымен келісімшарт жасайтынын хабарлады. Бұл келісімшарт бойынша бразилиялық футболшы Катардағы әлем чемпионатының ресми өкілі атанып, алдағы бес жылдың ішінде 300 миллион евро көлемінде пайда табады.

Айта кетейік, Неймар «Барселона» сапына 2013 жылы бразилиялық «Сантос» сапынан ауысып келді. Осы уақытқа дейін ол каталониялық клуб сапында 123 кездесуге қатысып, 68 гол соқты. Сонымен қатар ол «Барселонамен» бірге екі рет Испания біріншілігін, үш рет Испания кубогын, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда