Бард ақынның әндері

05 қазан 2023, 15:46

Жас қалам

«Толағай боп туылмадық әттең-ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды!?» деп жырлаған Табылды Досымов — қазақтың маңдайына біткен алғашқы бард ақын.
Табылды Досымов Атырау облысы Индер ауданында 1965 жылы дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Кітап оқуға, білімге деген талпынысымен мектепте де, университетте де ерекше көзге түскен деседі. Ол өнер жолындағы алғашқы қадамын гармошка, балалайка, домбырада ойнаудан бастаған, кейін гитараны серік еткен.
Табылды Досымов туралы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Табылды ағамыз өз әндерінде еліміздегі бар шыңдықты ашық айтатын. Бард ақынның музыкаға деген құштарлығы соншалық, нотаны білмесе де ән жазуын тоқтатпаған, ән мен сөзін қатар жазған.
Табылды Досымовтың сахнасы — студенттер, кешкі отырыстар, туған күндер еді. Есте мәңгі қалатын сондай бір кештерде гитара асынған қазақтың қара домалақ баласы, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымов өзінің иірімге толы лирикалық әндерін шырқап, кештің шырайын келтіретін. Тіпті Табылдының өзі сол бір кеште отырмаса да, бүкіл қазақ жастары әндерімен тербелді. Ақынның сыршыл да сұлу, сағынышқа, сезімге, тәтті мұңға толы әндері айрықша.
«Жанарыңа қарауға жасқанамын еркем-ай,
Ару қызы сен бе едің астананың-ай»,
— деген әнінде Алматының жастар шаһары ретіндегі болмысы мен келбетін айрықша сипаттаған.
Қазақтың тұңғыш бард ақыны 45 жасына қараған шағында ұйқысынан оянбай қалды. Бірақ оның гитара асынып ән салып тұрған бейнесі, өткір сөзді поэзиясы мәңгі сақталып қалды. Оның әндерін қазіргі жастар, яғни біздер де сүйсініп тыңдаймыз.

Гүлсезім Дәуренова,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді