jasqazaq.kz

Банкті тонағандар 7 жылға сотталды (видео)

27 қыркүйек 2017, 17:02

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматыдағы «Альфа-банк» бөлімшесін тонағандарға қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Cоттың үкімімен Иван Жуков пен Максим Бескишкин жеті жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленді. Сотталғандар үкімге 15 күн ішінде шағым түсіре алады. Сондай-ақ, осыған дейін сот отырысы барысында тергеу органдарының көмегімен банкке 65 миллион 310 мың теңгенің қайтарылғаны айтылған еді. Еске сала кетейік, биыл 25 маусымда Алматыдағы «Альфа-банк» бөлімшесінен 65 миллион теңге тоналған болатын. Максим Бескишкин және Иван Жуков «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан «Альфа банк» бөлімшесіне шабуыл жасаған деген күдікке ілініп отыр. 27 маусымда сағат 17:39-да ІІД-ге Айманов көшесіндегі «Альфа банк» бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, 65 миллион теңге тоналғаны туралы хабарлама түскен. Сағат 16:40-та белгісіз тұлға жер төле арқылы «Альфа банк» ғимаратына кіріп, банктің 65 миллион теңгесін алып кеткені анықталды. Кейін қоңырауларды тыңдау арқылы күдіктілер анықталып, 30 маусымда ұсталды. Полиция күдіктілерден ұрланған 65 миллион теңгені тауып, айғақ ретінде іске қосқан болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда