Алматыда «Сбербанк» филиалы басшысының орынбасары мен оның қоластындағы қызметкері банктің аса ірі көлемдегі қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Медеу аудандық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2015 жылдың маусымында Алматыдағы «Сбербанк» АҚ-ның №101 филиалының бастығының орынбасары банк клиенттерінің арасында жүргізілген акция кезінде «Сбербанк» АҚ-нің клиенттеріне беру үшін «FA» дүкендер желісінде косметика өңімдері мен киім-кешекті алуға құқық беретін 100 000 тенге номиналындағы 80 дана сыйлық сертификаттарын алған. «Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып бұл сертификаттарды иемденіп, банктің 14 клиентіне тиесілі 1 500 000 теңге сомасында «SFA» дүкенінде тауар алған», — деді соттағылар. Ал 2016 жылдың 28 наурызында ол өзіне бағынышты С.-ны «Сбербанк» АҚ-ның сеніп тапсырған мүлікті иемденіп алу, талан-таражға салуға итермеледі. А. «Сбербанк» АҚ -да өзінің атына бастапқы жарнасы 7 706 275 теңге ақша сомасында есепшотын ашты. 2016 жылдың сәуір айында банктің клиенті А. кенеттен қайтыс болды, оны С. білген соң банк клиенті А.- ға есеп шотына қызығушылық танытқан Б.-ға хабарлады және оның мұрагерлерінің жоқтығы туралы анықтады. «Банк клиенттерінің шоттарына тікелей өкілеттілігі бола тұра, С. мен Б. смс банкинг арқылы «Сбербанк онлайн» картасының көмегімен А. клиентінің банк картасынан 7 663 000 теңге ақша сомасын алып «Сбербанк» АҚ-на аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді», — делінген соттың хабарламасында. Сондай-ақ, соттағылар сот отырысы барысында сотталушылардың өз кінәларын толық мойындағанын айтты. «Сот үкімімен Д. есімді ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3-бөлігінің 1-тармағында, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркілеумен, 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты емес банкілік қызметпен лауазым атқарудан айыра отырып 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, жазаны өтеу орта қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемесінде өтеу белгіленді. С. есімді ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты емес банкілік қызметпен лауазым атқарудан айыра отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының 3-бөлігінің негізінде тағайындалған жаза 7 жылға шартты деп саналды», — делінген соттың хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.