jasqazaq.kz

Bank of America доллар дәуірінің аяқталатындығы туралы айтты

06 шiлде 2017, 16:04

Ерте ме, кеш пе әлем экономикасында доллардың үстемдік етуі аяқталады. Бұл пікірді Bank of America Merrill Lynch компаниясының Ресей бойынша бас маманы Владимир Осаковский білдірді.

«Егер тарихқа үңілсек, бұрын жаһандық валюта фунт стерлинг болған. Оны ығыстырып жіберді. Доллармен де бір күні мүмкін осындай жағдай болады», — деп атап өтті сарапшы. Оның бағалауынша, бұл АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі «табиғи түрде» қысқарған кезде болады», — деді Осаковский. «Бұл апатты жағдайға алып келеді ме? Факті емес. Бірақ күндердің-күнінде бұл болады», — деді Осаковский. Ол сондай-ақ Құрама Штаттардың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті — 16-18 триллион доллар. Бұл ретте қарызы одан жоғары елдер де бар. «Мысалы Жапония. Оның қарызы АҚШ-пен салыстырғанда, екі есеге көп», — деп пікірін білдірді экономист Америкада қарыз дағдарысы болуы ықтималдығына қатысты пікір білдіре келе.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда