jasqazaq.kz

«Балуан Шолақ» қалай түсіріліп жатыр?

11 шiлде 2017, 12:25

29 маусымда «Жас Қазақ» газетінің тілшісі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Балуан Шолақ» атты толықметражды тарихи көркем фильмнің «Қоянды» жәрмеңкесі атты эпизодының түсірілімінде болып қайтты. Түсірілім Алматы облысында орналасқан Кеген ауылының маңында болды.

Жас Қазақ газетінің тілшісі көріп қайтқан Қоянды жәрмеңкесінің түсіріліміне (жиынға) 300˗ден астам адам қатысты. Көрініске қатысқандардың көбісі – Кеген ауылының тұрғындары.

Балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың рөлін сомдаушы басты актер ЕРКЕБҰЛАН ДАЙЫРОВ өзінің «Балуан Шолақ» деп жазылған орындығында отыр.

Барлық актерлердің киген костюмдері шынайы көрінеді: кірлеу, мыж˗тыж киімдер сол кезеңде үтік пен кір жуғыш мәшиненің болмағандығын еске түсіреді.

Костюмердің көмекшісі Маржан Карибжан:

“Ең қиыны жірмеңкеде болған араб пен орыс көпестерін киіндіру. Олардың киімдері бірнеше қабаттан тұрады, және де әшекей˗бұйымдары мол. Біз әр күні таңғы 5-те жинала бастаймыз, ал 8-де қызу жұмыс басталады. Жиынға (массовкаға) қатысушылардың саны 300-ден астам болғандықтан, олардың бәрін киіндіріп болғанша, күн де тез аяқталып қалады.»

Түсірілімнен және күннің ыстығынан әбден шаршаған актерлер мен киностудия қызметкерлері костюмернаяда демалып жатты.

Кинокартинаның жалпы бюджетін сұраған тілшімізге желілік продюсер Шынғыс Арманұлы «Біз келісімшарт бойынша бұндай мәліметті хабарлай алмаймыз» деп жауап берді.

Балуан Шолақ фильмі ҚР-ның Мәдениет және Спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр. Фильм осы жылдың қысында (дәл уақыты белгісіз) көрсетілімге шығады деп жоспарланып отыр.

Кеген ауылының маңында болып жатқан түсірілімнің декорациялары 2 ай бойы құрастырылған.

Алима Пардашева

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда