jasqazaq.kz

Баласының көзінше зорлап кеткен (видео)

07 маусым 2018, 17:05

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылының тұрғындары полицияның немқұрайлығынан екі жылдан бері ауылымыздан тыныштық кетті дейді. Қазір мұндағы қыз келіншектер үйде жалғыз қалғаннан қорқады. Себебі Шиендіктердің айтуынша, ауылда жалғызбасты әйелдерді әдейі торуылдап тонайтын қаныпезер пайда болған. 2 жылдан бері ешкімге ұсталмай жүрген қарақшының басынғаны соншалық, ол Шиен ауылының тұрғыны Әйгерім есімді келіншекті бала-шағасының көзінше зорлап кетіпті.

Сұмдық жағдай түнгі сағат төрттер шамасында болған. Сол күні мынадай бетперде киген азамат есікті сырттан бұзып кіріп, топырақтар әлі жатыр, мына ысқышпен есікті іштен мықтап байлаған. Содан кейін мына жерге келіп отырып, өзінің арағын аяғына дейін бітіріп ішкен екен. Әйгерімнің оянғанын байқаған ол жүгіріп келіп, Әйгерімнің мойнынан қылқындырып бала-шағаңмен өзіңнің жаныңның амандығы керек болса тыныш жат деп ойына келгенін істепті.

ӘЙГЕРІМ, Шиен ауылының тұрғыны:

– Мен деген қанша милиция шақыртып, прокуратураға да звондадым. Әй менің результатым не боп жатыр дегенде әне шығады, міне шығады телефонды алмайды звондағанда.

Шиенде учаскелік полиция пункті жоқ. Жедел шақырылған полиция алыстағы Дегерес деген ауылдан әрең жететін көрінеді. Осыны білетін қарақшы көптен бері жалғызбасты әйелдер мен үйде жалғыз қалған келіншектерді тонауды әбден әдетке айналдырды дейді ауылдықтар. Қарақшының қолтаңбасын Шиендегі біраз адам біліп қалған екен.

ФЕРУЗА БҮРКІТБАЕВА, Шиен ауылының тұрғыны:

– Отпечатка бәрі қалды. Олар қараған да жоқ. Базада ондай жоқ деп. Жүрді-жүрді, кетті бітті. Өздерің табасыңдар деді. Все.

ӘЛФИЯ НҰРСАПАНОВА, Шиен ауылының тұрғыны:

– Милициялардың өздері айтты. Енді бұлар маскасын біреу шешеді. Сосын біреуді бауыздайды деді. Сол кезде бұлар ұсталады деді. Онда ауылда осы біреудің өлгенін күтіп отырайық енді.

Дегерестегі жауапты учаскелік полицейлерді жұмыс орнынан таппадық. Есікте көрсетілген телефонға да қоңырау шалдық, сөндірулі. Ал Алматы облыстық полициясы Шиен мәселесі назарсыз қалмайтынын айтты.

КӨБЕЙХАН НҰРАХМЕТ, Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

– Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы Шиен ауылына жіберілді. Қазір бүкіл қылмыстық істер ашылмаған зорлық болсын, ұрлық болсын қазіргі кезде облыстық департаменттің бақылауында.

Жыл басынан бері Шиен ауылында тоғыз қылмыстық іс тіркеліп, оның жартысы ашылыпты. Ал ауылдықтар бұл қылмыстардың артында бір ақ адам тұр ма деп күдіктенеді.

Дереккөз: 31 арна

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр