jasqazaq.kz

Баласын жоғарыдан лақтырған келіншек аналық құқынан айырылмақ

15 қыркүйек 2017, 12:25

Ал анасы бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген семейлік сәби нағашы әжесіне берілуі мүмкін. Бірақ жергілікті биілік бұл жағдайда психоневрологиялық диспансердің шешімі маңызды дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Гүлнар Оразбекова, Семей қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ деген шешім қабылдайтын болса, комиссия соған сәйкес өз қорытындысын шығарады. Онда әжесінің өтініші болуы керек. Ол кісі немересін алғым келеді деп ұсыныс жасаса, біз көмектесуге дайынбыз.

Алайда әжесі үш жастағы жиенін асырап алу жөнінде нақты өтініш түсірмеген. Әйтсе де, мамандар аяқ-асты ұстамасы ұстап қалатын әйелдің қасында бүлдіршінді жалғыз қалдыру қауіпті екенін алға тартуда. Олар сол үшін бүлдіршін нағашы әжесіне берілуі мүмкін деп отыр. Себебі, оның әкесі де жоқ. Естеріңізге сала кетейік, жантүршіктіретін оқиға алдыңғы күні болған. Психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұратын 36 жастағы келіншек жатақхананың 5 қабатынан өз баласын лақтырып жіберді. Есі ауысқан әйел де, ауыр жарақат алған бүлдіршін де қазір ауруханада жатыр.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда