jasqazaq.kz

Баласын сатқан атыраулық әйелге үкім шықты

12 наурыз 2024, 10:56

Атырау соты балаларын сатқан әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның 4 сыбайласы шартты түрде 3 жылға сотталды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталушыға қатысты үкімі апелляциялық тәртіпте қаралды.

«С.А. жүкті бола тұра материалдық жағдайын жақсарту мақсатында өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұп Р.Б. және Р.Г.-мен сөз байласқан. Ақшаны бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздеріне алған. С.А. қайтадан жүкті болған. Сол кезде бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру үшін басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан. Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 млн. теңге залал келтірілген», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Осы кезде сотталушы С.А. өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұп И.Б. және У.А.-мен сөз байласқан. Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушы С.А.-ның шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң И.Б. және У.А. оны өз отбасына алған. Отбасылық жұптар Р.Б., Р.Г. және И.Б., У.А. жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз атын жаздырған.

«Сот үкімімен С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ал, Р.Б., Р.Г., И.Б. және У.А.-ға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалған», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды