jasqazaq.kz

Балалар ұрланды деп жалған ақпарат таратушылар ұсталды

14 желтоқсан 2017, 15:53

Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта WhatsApp арқылы балалар ұрлануда деген хабарламалар таратылуда. Ол шындыққа еш жанаспайды. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Азаматтарға көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатындығын ескерткім келеді. Бүгінгі күні Талдықорғанда балалар ұрланды деп жалған ақпарат тарату күдігімен 3 адам ұсталды», — деді Алмас Садубаев. Сонымен қатар ол кәмелетке жасы толмағандарға қатысты қандай бар бір құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпаратты білген болса, онда оны өзімен байланысты адамдарға емес полицияға хабарлау қажет екендігін атап өткен. «БАҚ өкілдері мұндай ақпаратты жарияламас бұрын оның анықтығын ІІМ мен ІІД баспасөз қызметтерінен анықтап алуды өтінемін. Азаматтардың, әсіресе балалардың өміріне қауіппен байланысты жалған ақпарат ел халқының арасында дүрбелең туындатуы мүмкін», — деді департамент басшысы.

 

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды