jasqazaq.kz

Балалар омбудсмені Мәжілісте мақұлданған зорлық-зомбылық туралы заңның маңызын айтты

21 ақпан 2024, 16:37

Динара Закиева мәжілісмендер қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін біз Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдармен, депутаттармен және ҮЕҰ-ның қатысуымен бірнеше ай бойы жұмыс істеген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Жыл басында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ең маңызды қағидат — қоғамда бұл зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытуды атап өтті. Осы постулаттың іске асырылуы зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ететін осы Заң жобасы бола алады, — дейді омбудсмен.

Бұл ретте, заң жобасында кешенді тәсіл көзделгенін атап өту маңызды:

Біріншіден, бұл келесілерге бағытталған:
— алдын алу шаралары; Отбасын қолдау орталықтарын әр ауданда ашу; Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу;
— қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру құзыретін бекіту;
— агрессормен психологиялық жұмыс (ҚР ҚК ерекше талаптар институтын енгізу аясында);
— зорлық-зомбылыққа, буллингке тап болған балаларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу құзыретін бекіту.

Екіншіден:
— зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке жатқызу;
— балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны қатаңдату:
атап айтқанда, азаптау (мақаланың жаңа редакциясы); денсаулыққа ауыр, орташа зиян келтіру үшін; кәмелетке толмаған адамды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін;
— бала зорлау үшін бас бостандығынан тек өмір бойына ғана айыру;
— «Балаға жыныстық сипатта тиісу» бабын енгізу;
— балаға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды тергеу әрекеттері кезінде қамауда ұстау;
— балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу (МӘМ, лагерьлер);
— баланы автобустан мәжбүрлеп түсіріп тастау үшін жауапкершілік енгізу;
— буллинг үшін жауапкершілік және т. б.

Заң жобасының жекелеген нормалары әлі де талқыланады және бұл ретте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің ешқалай түсіндірілмейтінін және ақталмайтынын есте ұстаған жөн. Бұл, меніңше, бірауыздан келісілген қағида және қоғам үміті, петициялар, үндеулер мен ең өкініштісі — әр көрсеткішінің артында бала немесе оның анасының өмірі тұрған жантүршігерлік статистика бұған дәлел. Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоя алатын тиімді және жұмыс істейтін заң қабылдауымыз маңызды, — деп жазжы Динара Зәкиева.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?