Қостанай облысы, Лисаковск қаласындағы балабақша аумағынан 26 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Денесінде зорлық белгілері бар жігіттің мәйіті 7 маусым күні таңғы 6 шамасында балабақша аумағынан табылған.
“Аталған факті бойынша полиция бұрын сотталған 32 жастағы ер адамды ұстады. ҚР ҚК 99 бабы бойынша сот алды тексеру басталды”, – деді баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде сот сараптамасы тағайындалған. Ад күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалыпты.