jasqazaq.kz

Балғындар шығармашылық қабілеттерін шыңдады

30 мамыр 2017, 12:53

Бурабайда жастар қозғалысы мен балалар арасында «Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз» біздің мүмкіндіктеріміз бен құқымыз» атты VII саммит өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен өткен шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оған Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» өкілдері, зерттеушілер, балалардың қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары, мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы, мұғалімдер, психологтар, түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Мұндай шаралар балаларға арналған ұйымдар балғындардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық отансүйгіштікті, әлеуметтік және бастамашыл құзыретті азаматтың бет-бейнесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Елбасы мақаласында көтерілген мәселелерді іске асырудың бірден-бір жолы», деп атап өтті республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы»  қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко.

Үш күн бойы ұйымдастырылған самитте Ақмола облысындағы 30-дан астам балалар ұйымдарының өкілдері үшін түрлі қызықты шаралалар өткізілді.

Саммиттің алғашқы күнінде Ақмола облысы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері «Адал ұрпақ-2017» слетін ұйымдастырды. Одан әрі «ХХІ ғасырдың балалары мәдениет пен бейбітшілік жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Онда балалар ұйымдарының жетекшілерінің өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы жасаған баяндамалары тыңдалды.

Шара ересектер мен балаларды марапаттау және көшбасшылардың балымен мәресіне жетті.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда