«Байқоңыр» ғарыш айлағынан өздігінен басқарылатын «Союз МС-06» транспорттық ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышының ұшырылуы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі.
Кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға зымыран тасығыш Астана уақыты бойынша 03:17 «Гагарин стартынан» ұшырылды.
Екі «Союз» кемесі осымен 133-ші рет ұшырылып жатыр.
Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин (экипаж командирі), NASA астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) және Джозеф Акаба (бортинженер) бар.
Жоспарланған ұшу уақыты — 167 тәулік.