Бағдат Мусин: Бүгінгі күні 6,3 млн отбасының деректері цифрланды

21 қараша 2023, 11:59

Елімізде мектептер мен жұмыс берушілер азаматтардан анықтаманы жиі заңсыз талап етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Біз Big Data мүмкіндіктерін де қолданып жатырмыз. Бүгінгі күні 6,3 млн отбасының деректері цифрланды. Сол арқылы адамдар қай қызметті ең көп сұрайтынын білдік. Ол — әлеуметтік маңызды 18 қызмет, көпбалалы отбасына, мүгедектігі бар адамға, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мен төлемақылар. Бұл қызметтер проактивті түрде көрсетіледі. Шамамен 800 мыңдай. Бірақ, бір үлкен проблема бар, ол — базадағы қателер», — деді министр.

Осы ретте ол әр органға өзіне жүктелген базадағы деректерді тексеріп, қатені дұрыстауды ұсынды.

«Big Data-ның тағы бір мүмкіндігін айтайын. Жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 млн анықтама тапсыру қажет болады. Соны цифрлық форматқа көшірдік. Яғни, оның талап етілуін жойдық. Бірақ, анықтаманы негізсіз талап ету әлі де орын алып отыр. Көбіне оны сұрайтындар — мектеп пен жұмыс берушілер. Келесі жылы өкілетті екі министрлікпен бұл проблеманы толық шешеміз. Анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді сұраймыз», — деді Бағдат Мусин.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу