Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК 15 қыркүйекте «Бұқаралық ақпарат құралдары және тіл мәдениеті» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өткізеді.
Ақпараттық қоғамда БАҚ өкілдері төртінші билік қызметін атқарады. Билік пен бұқара арасындағы байланыс пен елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттау журналистердің басты міндеті. Сонымен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен оны дамытуда да БАҚ өкілдерінің маңызы зор.
Семинар-тренингтің мақсаты: БАҚ өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын жетілдіріп, сөз саптауын, тіл мәдениетін түзетуге арналады.
Семинар барысында кәсіби мамандар дәріс оқып, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде ақпарат таратуы, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің ретті қолданылу мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын көрсетіп, практикалық тапсырмалар беріледі.
Шараға тіл білімі және журналистика саласының білікті мамандарымен қатар телеарна, радио, газет, сайт тілшілері мен СММ менеджерлер қатысады. Жиын соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Достық к-сі 8/1, ForteBank конференция залы.